Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары «Абзал жандар» клубының ұйымдастыруымен өткен «Өнегелі өмір» атты жетістік пен табысқа жеткен колледж ардагерлерімен кезекті кездесу кешіне қатысты.
Кездесуге Медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-ғалым, «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісінің иегері, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» кеуде белгісінің, ҚР денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағындағы ерекше жетістіктері үшін «Кәсіпорынға сіңірген еңбегі үшін» белгісінің иегері, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалінің иесі, «Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау саласының ардагері» медалінің , «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі мен «Қазақстан экономикасының данқ жұлдызы» ордендерінің иегері және ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың алғыс хат иегері Жандосов Шалғынбай Өтегенұлы, ұзақ жылдар бойы қаржы саласында еңбек еткен есеп пен аудит саласының маманы, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің бухгалтері Дисикуш Гульпаршин Избасаровна, «ҚР Денсаулық сақтау саласының үздігі» белгісінің иегері, дәрігер, жоғары санатты оқытушы, Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің біліктілік арттыру және қайта даярлау орталығының меңгерушісі Ергалиева Алмакуль Мухатовна қонақ болып келді.
Білім алушылар ардагердің өнегелі өмірімен танысып, тәрбиелік мәнді, тағылымды, мазмұнды әңгіме тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.