Жас өлкетанушыларымыздың жоғары деңгейдегі жетістігімен құттықтаймыз!

24 қараша күні колледж білім алушылары «Үздік өлкетанушы» облыстық байқауында өз білімін, зерттеушілік қабілетін және туған өлкеге деген шынайы сүйіспеншілігін жоғары деңгейде дәлелдеп шықты.
Жас өлкетанушыларымыз туған өлкеміздің тарихын, мәдениетін және табиғи мұрасын насихаттауда ерекше ынта-жігер, білім және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін студенттер мен жетекшілерге алғыс хаттар табысталды.
Сонымен бірге, білім алушылар жүлделі орындарды иеленіп, колледжіміздің абыройын асқақтатты:
🏆 «Туған өлкенің ғажайып табиғаты» бағыты бойынша:
🥉 3 орын – Асланова Нұрай (202 топ), Әділова Айдана (202 топ)
💰 30 000 тг сертификат
Жетекшісі: Аширова Эльмира Шамшадиновна
🏆 Жалпы тарих бағыты бойынша:
🥈 2 орын – Ермек Асия Болатбекқызы (101 топ)
💰 50 000 тг сертификат
Жетекшісі:Истлеуова Акжанат Жаксыбаевна
🥉 3 орын – Төлеген Нұрайна Нұрланқызы (202 топ)
💰 30 000 тг сертификат
Жетекшісі: Шуиншалина Альбина Керейқызы
Сонымен қатар, студенттердің жетістіктеріне бағыт-бағдар беріп, жетекшілік еткен ұстаздарымыз да өз үлестері үшін арнайы марапаттармен құрметтелді.
Бұл жеңістер – біздің колледждің білімге, ізденіске, тарихқа деген құрметінің көрінісі.
Біз жас зерттеушілерімізді шын жүректен құттықтаймыз! ❤️
Жарқын жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!