
26 қараша күні экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Іс-шараға “Эко Мәдениет” еріктілер тобының жетекшісі Темірлан Жолдыбай арнайы келіп,
табиғат ресурстарын ұқыпты пайдалану, экологиялық сауаттылықты арттыру, жас ұрпақтың экологиялық жауапкершілігі ашып көрсетті.
Сонымен бірге шараға “Жастар рухы – Жастар қанаты” бөлімінің басшысы қатысып, ұйымның негізгі бағыттары, жастардың азаматтық белсенділігін күшейту жолдары және еріктілік қызметінің қоғамдық маңызы жайында толыққанды ақпарат ұсынды.
Жастардың бастамасын қолдау, жаңа мүмкіндіктерге жол ашу тақырыбында еркін тренинг өтті
Бұл кездесу экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, әлеуметтік белсенді жас буынды тәрбиелеуге, сондай-ақ студенттердің қоғамдық өмірге қызығушылығын арттыруға зор ықпал еткен шара ретінде есте қалды.
