Инфекциялық қауіптердің алдын алу және қоғамдық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру апталығы өтуде.25.11-28.11.2025ж аралығында.

25 қараша күні қауіпті жұқпалы аурулардың бірі – Сібір жарасы тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында қатысушыларға аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары және қауіпсіздік талаптары туралы маңызды мәліметтер берілді. Сонымен қатар практикалық дағдыларды арттыру мақсатында мастер-класс ұйымдастырылды. Қатысушылар профилактикалық шараларды дұрыс орындау, қорғану тәсілдері және санитариялық талаптарды сақтау бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар алды. Мұндай іс-шаралар қоғамның медициналық сауаттылығын арттыруға және инфекциялық қауіптердің алдын алуға үлкен үлес қосады. Қоғамдық денсаулық – ортақ жауапкершілік!