24-28.11.2025 күндері “Инфекциялық қауіптердің алдын-алу және қоғамдық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру” апталығы аясында Бопай ханым жоғары медициналық колледждің “Мейіргер ісі” мамандығы 306-топқа бүгін біз “Қызылша – бала мен болашақ анаға қауіпті”тақырыбында ашық сабақ тренингін өткіздік.
Тренинг барысында:
– Қызылшаның белгілері мен таралу жолдары;
– Жүкті әйелдер мен балалар үшін негізгі қауіптері;
– Вакцинацияның маңызы;
– Алдын алу шаралары толық түсіндірілді.
Шараның мақсаты – қауіпті инфекциядан қорғану жолдарын кеңінен түсіндіру және қоғамның денсаулығын қорғау.
Іс-шара сәтті өтіп, қатысушыларға пайдалы ақпарат берілді.
Дені сау ұрпақ – әрқайсымыздың қолымызда!