28.11.2025 күні 425 мейіргер ісі тобының қатысуымен «АИТВ/СПИД – ке жол жоқ» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізілді.

28.11.2025 күні 425 мейіргер ісі тобының қатысуымен
«АИТВ/СПИД – ке жол жоқ» тақырыбында мазмұнды ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – болашақ мейіргерлердің АИТВ туралы білімін кеңейту, алдын алу шараларын түсіндіру, стигма мен кемсітушіліктің зиянын көрсету және қоғамда жауапкершілікті арттыру болды.
Студенттер ақпараттық мәліметтермен бөлісіп, пікірталас жүргізіп, топтық жұмыстар арқылы өз көзқарастарын қорғады. АИТВ-ның алдын алуда білімнің, сақтықтың және қолдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
АИТВ – алдын алуға болатын инфекция.
Ал білім – басты қорғаныс!