«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» библио-кросс.

2025 жылдың желтоқсан айында Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес беремін» тақырыбында библио-кросс ұйымдастырылды. Библио- кроссқа «Мейіргер ісі» 102 тобының білім алушылары Бекбол Б, Тағыберген А., «Емдеу ісі» 108 топ білім алушысы Мейрамханова А., Ерланқызы А, «Емдеу ісі» 110 топ білім алушысы Қайратқызы А, Емдеу ісі» 113 топ білім алушысы Талғатқызы Г, «Емдеу ісі» 114 топ білім алушысы Нықыш А қатысты. Библио-кросстың негізгі мақсаты — оқырман өзі оқыған кітапты, шығармаларды басқа біреуге оқуға ұсыну. Студенттердің әдеби кітапқа құштарлығын арттыру, жастар арасында сапалы оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.