“Еркін сөз”дебат клубының жетекшісі Бакитова А.Т ұйымдастыруымен «Сыбаға» ұлттық дәстүрлі фестивалінің іс-шаралар жоспары бойынша «Жыр мұрасы – рухани қазына» атты эссе байқауы 1-курс білім алушылары арасында ұйымдастырылды.
Бұл байқау студенттердің ұлттық әдебиетке, дәстүрлі жыр өнеріне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Білім алушылар қазақ жырауларының шығармашылығын зерттеп, олардың жырындағы адамгершілік, елдік рух және тәрбиелік мәндерді өз ойлары арқылы жеткізді.
Әр эсседе ұлттық мұраның қазіргі өмірдегі маңызы, рухани құндылықтары мен тәрбиелік әсері көрініс тауып, жас қаламгерлердің шығармашылық ойлау қабілеті мен сөз шеберлігі байқалды. Мұндай іс-шаралар студенттердің ой-өрісін кеңейтіп, ұлттық мәдениетке деген құрметін нығайтады.#СЫБАҒААҚТӨБЕ2025