«Алия» Патриоттар клубының жетекшісі Өмірзақ Рауан Қуанарқызының ұйымдастыруымен «Дәстүр — ұлт қазынасы» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара бірінші курс студенттері арасында өткізіліп, ұлттық салт-дәстүрлерді танытуға бағытталды.
Өткізілген іс-шараның мақсаты — студенттердің ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің мәні мен маңызын түсіндіру, жастарды елжандылыққа, мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық дүниетанымды кеңейту болды#СыбағаАқтөбе2025