Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беріп, баланы адалдыққа, мейірімге, үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға үндеген. Осындай қасиеттерді дәріптеп, ұрпақ санасына жеткізетін – қазақ аналары. Ана – отбасының тірегі, тәрбиенің бастауы, ұлттың ұстазы. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» дегенді бекер айтпайды. Өйткені ұлттық тәрбиені ең алдымен ананың мейірімі мен өнегесі жеткізеді.
Бүгінгі заманда да ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – елдің дамуы мен рухани қауіпсіздігінің кепілі. Тамыры терең халық ешқашан жоғалмайды. Демек, тәрбиенің басты арқауы – ұлттық болмыс, ұлттық рух, ұлттық құндылық.
‘’Сырғалым’’ қыздар клубының жетекшісі Сейтжан Жадыра мен мүшелері “103 мейіргер ісі” тобының білім алушылары “Анаға тағзым”Қыз-келіншектерге арналған рухани-мәдени орталығына барып экскурсия жасады