Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Тәуелсіз ел жастары – салауатты өмір салтын қолдайды!» атты медициналық колледж білім алушылары арасындағы өңірлік волейбол турнирі өтті.

Турнирге Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі, Атырау жоғары медициналық колледжі, Бопай ханым атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі және Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжінің командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Турнир нәтижесінде: 🥇 1-орын — Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі 🥈 2-орын — Бопай ханым атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі 🥉 3-орын — Атырау жоғары медициналық колледжі 🥉 3-орын — Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі иеленді. Жарыс командалар арасындағы достық пен спорттық рухты арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға серпін берді.