«The Medical English Quest: The Hippocrates Code»

I. ЖАЛПЫ МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР Білімділік мақсаты: • Оқушыларды жүрек-қан тамыр жүйесінің негізгі органдары (heart, veins, arteries, blood, pulse) және олардың қызметі туралы ағылшын тілдік терминологиямен таныстыру. • Мәтіндік материалдарда зат есімдерді сәйкес есімдіктермен (it, they, this, that) ауыстыру дағдыларын қалыптастыру. • Берілген сөздер жиынтығынан грамматикалық дұрыс, мағыналы медициналық сөйлемдер құрастыру қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: • Топтық жұмыс арқылы жауапкершілік пен өзара сенім сезімін тәрбиелеу. • Медицина саласының кәсіпқойлық құндылықтарымен (Гиппократ анты – науқастарды емдеу, зиян келтірмеу, құпияны сақтау) таныстыру. • Оқуға деген шығармашылық қызығушылықты арттыру және бәсекелестік рухын дұрыс бағытта қалыптастыру.