Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары Кубан мемлекеттік технологиялық университетінің ұйымдастыруымен өткен «ІІ Международный фонетический конкурс для школьников и студентов СПО» атты халықаралық байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болды:🏆👏
Бұл — білім алушыларымыздың табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ кәсіби бағыт-бағдар беріп, сапалы дайындық жүргізген орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Шуиншалина Альбина Киреевнаның жемісті еңбегінің айқын дәлелі 🌟
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, халықаралық деңгейде колледж абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз! 💐
