А.Тоқсанбаева мен Г.Рахимова «Лудомания мен интернет тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы негізінде “Жарық ақпараттық–консультативтік орталығының” ұйымдастыруымен Бопай ханым атындағы жоғары медициналық колледжінің студенттеріне психологтар А.Тоқсанбаева мен Г.Рахимова «Лудомания мен интернет тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құмар ойындарға және интернет тәуелділіктің алдын алу, оның психологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдары туралы жан-жақты мәлімет беру. Кездесу барысында студенттерге тәуелділік белгілері, тәуекел факторлары, және одан арылу жолдары туралы түсінікті тілде ақпарат ұсынылды. Ашық сұхбат форматында өткен кездесуде жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби мамандардан нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер – жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына, саналы таңдау жасауына ықпал ететін маңызды қадамдардың бірі.