«Әлем сұлу сіздермен — нәзік жандар» мерекелік концерт өтті.

ӘЙЕЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ӨТТІ

🌷8 наурыз – халықаралық әйелдер мерекесіне орай Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Әлем сұлу сіздермен — нәзік жандар» тақырыбымен мерекелік концерт өтті. Зал толы нәзік жандыларды арнайылап Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы орынбасары Е.Қанатұлы құттықтады. Сонымен қатар, колледж белсенді студенттерінің аналарына, білім саласының дамуына сіңірген еңбегі мен өскелең ұрпаққа терең білім, өнегелі тәрбие беруде қосқан елеулі еңбегі үшін және колледждің дамуы мен көркеюіне үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан бірқатар қызметкерлерді Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Қалалық, Облыстық жастар ресурстық орталығы басшыларының, «Өрлеу» БАҰО директоры мен Колледж Бас директорының Алғыс хаттарымен марапаттады.

🔸Мерекеге арналған бағдарламаны Жастар ісі жөніндегі комитеті мен колледж ер оқытушылары ұсынып, концерт М.Мақатаевтың «Ана, сен бақыттысың!» өлеңімен басталды. Әсем ән, тамаша бимен көркемделген шара «Аяулы ана» әнімен айшықталды.

⚜️Белсенді студенттер мен ер оқытушылардың орындауындағы әсем әуен мен өнерпаздар орындаған көркем би нәзік жанды аруларға әдемі көңіл күй сыйлады. Бұл концерт қоғамның әйелдерге деген айрықша құрметін айғақтаған шара болды.