«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ» ҒЫЛЫМИ – ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯСЫ

2023 жылдың 14 сәуірінде «Жас анатом» және «Her majesty medicine» үйірмелерінің белсенді студенттері және Әли Жанаманұлы мен Мәдина Өмірзаққызының кураторлық топтары Марат Оспанов атындағы БҚМУ кадаверлік орталығына барды. Олар үшін «Студенттік ғылым — ел ғылымының болашағы» студенттік ғылыми үйірмелерінің ғылым апталығы аясында «Анатомия әлеміне саяхат» ғылыми – танымдық экскурсиясы өткізілді. Ғылыми-танымдық экскурсия барысында студенттер анатомиялық препараттармен, оның ішінде мәйіттермен жұмыс істеді, Марат Оспанов атындағы БҚМУ кадаверлік орталығының жұмысымен танысты. Үйірмелердің ғылыми жетекшілері Қалман С.Ғ. және Өтесін М.А.