💬Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, жалпы алғанда адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне нық сенімді тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыруда отбасы мен білім алатын ортасы, яғни колледж бен ұстаздар қауымы шешуші рөл атқарады. Ал әр адамға тән асыл қасиеттердің жиынтығы іспеттес Адамгершіліктің қайнар бұлағы халық даналығында, отбасында, әдет-ғұрып пен салт-дәстүрде жатыр.
📢Ағымдағы жылдың 24 қараша күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің студенттері «Дін мен дәстүр — тәрбиенің негізі» тақырыбында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен колледж бас директоры Бекежан Аханұлымен рухани-танымдық кездесуде бас қосты.
🖋️Кездесуде, Серікжан Еншібайұлы дініміз бен салт-сана, дәстүріміздің құндылықтары мен тәрбиенің негізгі бағыттары тұсында дәріс оқып, құнды ақпараттармен бөлісті.