🇰🇿 Ақтөбеде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» атты жастар форумы өтті
👥 Өнер орталығында өткен форумға Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің білім алушылары белсене қатысты.
Шара Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен ұйымдастырылды.
🗣️ Жастар форумы қатысушыларға ел үшін маңызды құндылықтар туралы ашық айтуға және нақты табыс тарихынан шабыт алуға мүмкіндік беретін алаңға айналды. TEDx форматындағы баяндамалар кездесуді қысқа, мазмұнды әрі эмоцияға толы сөздерге ұластырды. Спикерлер өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес беріп, мотивация сыйлады.
🎤 Көрермен алдында облыс әкімі Асхат Шахар, «Yandex Kazakhstan» компаниясының GR-директоры Мейірбек Мұқат, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актері Дәурен Серғазы, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің бөлім меңгерушісі, «Шапағат» орденінің иегері Дархан Шанбай, Heriot-Watt британдық университетінің Ақтөбедегі филиалының студенті Аида Кадын сөз сөйледі.
💬 Спикерлер мансап жолын қалай бастағандарын, қиындықтарды қалай жеңгендерін және өз тәжірибелерімен бөлісті. Басты тақырыптар – патриотизм, еңбекқорлық, білімге құштарлық, инновациялық ойлау және белсенді азаматтық ұстаным.
🔹 Аудиторияның ерекше қызығушылығын облыс әкімі Асхат Шахар сөзі тудырды. Ол балалық шағы, отбасы, мансаптағы алғашқы қадамдары және табандылық пен еңбексүйгіштік оған қалай жетістік әкелгені туралы айтты. Өңір басшысы ел тәуелсіздігі – әрбір жас терең түсінуі тиіс ең басты құндылық екенін атап өтті.
🇰🇿
