Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының XXI еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті!

Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек жасағының XXI еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті! «Жасыл ел» енбек жасагының ХХІ жұмыс маусымының жабылуына орай ұйымдастырылған салтанатты рәсімге Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы, Республикалық “Жасыл ел” штабының төрағасы Нұрасыл Жасұланұлы, Ақтөбе облысының кұрметті азаматтары, Жасыл ел жанашырлары жене «Жасыл ел» штабының өкілдері, еңбек жасағының сарбаздары, ЖОО студенттері мен арнайы оқу орны студенттері қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы маусымды корытындылап, жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті. Салтанатты шарада Үздік деп танылған аудандар, оқу орындары мен жұмыс беруші, командир мен сарбаздар номинациялармен марапатталып, сертификаттар табысталды. «Жасыл ел» — жалпықазақстандық қозғалыска айналған ауқымды жобалардын бірі. Ол жастарды маусымдыұ жұмыспен қамтып қана қоймай, өскелен ұрпактың бойында патриоттық сезімді оятуға баулиды. Біз жастардың бойында экомәдениетті қалыптастырып, саналы тұтынуды қолдайтын, сауатты ұрпақ тәрбиелеуміз қажет. Қоршаған ортаны таза ұстау мәселесін басты назарға алғанда ғана адамзат, болашақ ұрпақтың дені сау болады, табиғатқа қамқорлық артады. “Жасыл ел” еңбек жасағының XXI еңбек маусымының жабылу салтанатына Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің директоры Ш.С.Жоламанова мен Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы Ж.Қ.Алпысбаева қатысты.