1 ҚАЗАН ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ КОЛЛЕДЖДІҢ АРДАГЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Ағымдағы жылдың 01 қазан күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында ардагер қызметкерлерді мерекемен құттықтады.
Шарада, колледж директоры қазыналы қарттарға өз алғысын білдіріп, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін өз алғысын білдірді.
«Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – оқу ордасының жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры.»,- деп колледж Бас директоры Б.Ахан өз сөзінде ардагер ұстаздарға ризашылығын айтты.
Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен әкімшілікке, колледж басшылығына ризашылықтарын білдірді.