Ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ 05-ші маусым күн, сағат 15.00-те 2023-2024 оқу жылында ардагерлер кеңесінің атқарылған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Ардагерлер кеңесі қызметінің Ережесіне сай және оқу жылына арналған Жоспары бойынша жыл бойы колледждің әдістемелік, әлеуметтік — экономикалық, құқықықтық, қоғамдық — саяси даму мәселесі жөнінде атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.
Жиналыс соңында Бопай ханым жоғары медициналық колледжі ардагерлер ұстаздардың өмір жолдары жөнінде жазылған “Өнегелі өмір” кітабының тұсау кесері болды.