🔹Наурыз – ата-бабадан мирас болып жеткен ұлық мерекенің бірегейі. Көне парсы тілінде «Жаңа күн» мағынасын беретін айтулы мейрам еліміздің ынтымағы мен бірлігінің айғағы іспетті. Ұлыстың ұлы күні биыл жаңаша сипат алып, көкжиегі кеңейіп отыр.
🔸Осыған орай бүгін Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде қазақ халқының әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау, ұрпақ сабақтастығы аясында тәрбиелеу және колледж қызметкерлерінің белсенділігіне қолдау көрсету мақсатында қызметкерлер арасында «Армысың, әз Наурыз!» ұжымдық ұлттық байқау өтті.
🔹Байқауға колледждің ЦӘК бірлестіктері мен қауіпсіздік қызметкерлері және кітапханашылары қатысып, ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлерден театрландырылған қойылым қойды.
💬ЦӘК бірлестіктеріне арнайы ауыл аттары берілді. Атап айтқанда:
⚜️«Арнайы пәндер-2»- «Береке» ауылы
⚜️Қауіпсіздік қызметкерлері және кітапханашылар- «Ынтымақ» ауылы
⚜️«Жалпы білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер»- «Шаттық» ауылы
⚜️«Жалпы кәсіптік пәндер және Фармация»- «Көктем» ауылы
⚜️«Арнайы пәндер-1»-«Бақыт» ауылы
📢Қазылар алқасы құрамында Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының «Ақпараттық кеңес беру және Neet санатындағы жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Дуйсенбаев Иса-Бек Абайұлы, «Ата-аналарды қолдау» орталығының мүшесі, ата-ана Тоқтасынова Балауса Амангелдіқызы, колледж директоры, доцент Нурмаганбетова Манет Сағынғалиқызы мен Қалалық жастар ресурстық орталығынан Үміт Жолдасқызы болды.
🔸Байқау қорытындысы бойынша, І орынды «Арнайы-2» ЦӘК бірлестігі «Береке» ауылы, ІІ орынды Қауіпсіздік қызметкерлері және кітапханашылар, ІІІ орынды «Жалпы білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК бірлестігі «Шаттық» ауылы иеленді. Ал, қалған қатысушыларға атаулы номинациялар берілді. «Жалпы кәсіптік пәндер және Фармация»- «Көктем» ауылы «Берекелі ауыл», «Арнайы пәндер-1»-«Бақыт» ауылына «Ұйымшыл ауыл» номинациясы берілді.