«Арнайы пәндер-2» бірлестігінің онкүндігі аясында «Жүрек — өкпе реанимациясы» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің “Арнайы — 2 пәндер” бірлестігінің 10 күндік жоспары бойынша 21.02.2024 жылы, сағат 15.00 — те “Хирургия, анестезиология және реанимация” пәні оқытушысы Нұрлан Ізденұлы ЕСЕНҒАЗЫ мастер класс көрсетті.

Тақырыбы: Жүрек — өкпе реанимациясы.

Ашық сабаққа колледж басшылары, студенттер, оқытушылар қатысты. Жүрек — өкпе реанимациясы Клиникалық өлім кезінде көрсетілетін шұғыл көмек болып саналады. Жүрекке 30 рет массаж жасап, өкпеге 2 рет дем беру арқылы жүрек кенеттен тоқтап қалған кезде шұғыл көмек көрсетіп тірілтіп алуға болатын жолдарын, тәсілдерін жасап және слайд арқылы көрсетті. Студенттер оқығандарын, көргендерін, үйренгендерін қайталап Манекенге (стандартталған пациент) қайта — қайта жасап көрді.