2021 жылдың 27-ші қараша куні «Ашық жүрек» еріктілер клубы және «Мейіргер ісі» 305 тобымен бірігіп Мейрамбек Мейірбек Мейрамбекұлының еміне ақша жинау мақсатында Баишев жоғары медициналық колледж АКТ залына «Ашық жүрек» атты қайырымдылық концертін өткізді.
«Ашық жүрек» қайырымдылық концертінің мақсаты: Сәбидің еміне қаржылай көмек көрсету және студенттердің жүректеріне мейірімділік ұялату, сабақ пен қатар жомарттықты, белсенділікті сонымен қатар қайырымды болуды бірге алып жүруді насихаттау болды.
Нәтижесінде Мейрамбек Мейірбек Мейрамбекұлына (Диагноз: умеренная умственная отсталость не органическом фоне.онр-1уровень.ЗПР) 80 000 теңге қаржы жиналынды. Әрине бұл Баишев жоғары медициналық колледжінің еріктілері мен студенттері арқасында сәбидің жүзіне күлкі ұялатты.
Бұл қайырымдылық концерті студенттердің көздеріне жас ұялатып ,өмірге деген құштарлықтарын аша білді. Ашық жүрек еріктілер клубына қосылам деушілір саны 2 есеге артты.