«Ашық жүрек» еріктілер клубының ұйымдастыруымен жас оқытушылар арасында «Jastar baly-2023» жұптық байқауы өткізілді!

«Ашық жүрек» еріктілер клубының ұйымдастыруымен жас оқытушылар арасында «Jastar baly-2023» жұптық байқауы өткізілді!

Байқауға, «Жалпы білім беру, әлеуметтік-экономикалық пәндер» ЦӘК бірлестігі, «Жалпы кәсіптік пәндер» ЦӘК бірлестігі, «Арнайы пәндер-1» ЦӘК бірлестігі мен «Әкімшілік» атынан жас оқытушылар жұптасып қатысып бақтарын сынады.

Байқау негізгі 5 кезеңнен тұрды.

  • 1 кезең: «Таныстыру» еркін форматта.
  • 2 кезең: «Сіз ұсынар жоба…» Колледж атауының «Бопай ханым» болып өзгерінің бізге әкелер тәрбиелік мәні мен маңызын айқындады.
  • 3 кезең: «Талантыңды шыңдай біл» өз-өнері кезеңі.
  • 4 кезең: «Дефиле» ұлттық киім шеруі.
  • 5 кезең: «Сұрақ-жауап» аты атап тұрғандай, қатысушылар ұлттық салт-дәстүр мен өңірден шыққан белді тұлғаларға қатысты сұрақтарға жауап берді.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Гран-при», Бурабай қаласына 100% жолдамаға «Әкімшілік» құрам атынан Өмірзақ Райымбек пен Шалқарбаева Жаңылсын ие болды!