АТА-АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы балаларды тәрбиелеу мен оқу процесінде қолдау көрсетудегі ата-ана позициясын белсендіру қажеттілігін анықтайды. Отбасы – балаларды тәрбиелеудің негізгі институты, баланың тұлғасы мен қабілетін қалыптастыру процесінде оның ықпалы іргелі болып табылады.

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Баишев жоғары медициналық колледжіндегі ата-аналар комитетінің мүшелерімен «Отбасы құндылығы-сарқылмас қазына» тақырыбында кеңейтілген отырыс жасалды.

«2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» колледждердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту мақсатында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын құру биылғы оқу жылының негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде айқындалған. Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты білім беру ұйымдарында құрылатын Орталықтың қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз етеді.»,-деп колледж директор М.С.Нурмаганбетова өз сөзінде баяндады.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы;
2. «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 409-бабы бойынша ата-аналарды жауапкершілікке тарту туралы;
3. «Ішкі тәртіп» ережесі туралы;
4. «Ата-аналар» қауымдастығын құру туралы.

Сонымен қатар, отырысқа директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары Е.А.Сейтенов, «Ардагерлер» кеңесінің мүшелері, бөлім меңгерушілері мен топ кураторлары қатысты.