АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА ТОП КУРАТОРЛАРЫ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

Отбасын педагогикалық-психологиялық қолдау және білім беру ұйымдарында баланың дамуын жүзеге асыру жағдайында ата-аналардың құзыреттілігін арттыру өзекті болып табылады. Сондықтан да, ата-анамен білім беру ұйымының мамандары арасында өзара бірлескен әрекет әрдайым жүзеге асырылуы маңызды.

✒️Осы орайда бүгін C.Бәйішев атындағы колледжде өткізілген семинарда Бибігүл Әбдішүкірқызы отбасындағы ең құнды дүние не деген сұрақ төңірегінде ой қозғап, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми-әдістемелік негіздерін қарастырды. Қатысушы ұстаздар белсенділік танытып, семинар тақырыбы аясында өз ойларымен бөлісті.

🔹Семинардың барлық қатысушыларына, спикер Бибігүл Әбдішүкірқызына ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреміз!