«Бала қауіпсіздігі қоғам келешегі» тақырыбында колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінде «Бала қауіпсіздігі қоғам келешегі» тақырыбында колледжішілік жалпы ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналысты колледж директоры Ж.А.Айбасова ашып, балалардың интернеттегі және шынайы өмірдегі қауіпсіздігі маңызды мәселе екенін атап өтті. Балаларға әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлер мен ата-аналардың бақылау жасау қажеттілігі жайлы айтты.

Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.А.Куанышбаев қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылады. Сонымен қатар, интернеттегі қауіптер, шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг, балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар және баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар мен әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар туралы ақпараттармен бөлісіп, арнайы бейнематериалдарды ұсынды.

Ақтөбе қаласы ПБ, Астана ауданы №2 қалалық ПБ жергілікті полиция бөлімінің учаскелік полиция ниспекторы, полиция майоры К.У.Днимов есірткіге тәуелділіктің алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған білім алушылардың қауіпсіздігә тақырыбында өз баяндамасын оқыды.

Колледж педагог-психологы А.С.Елубаева жасөспірімдердегі көңіл күйдің кенеттен өзгеруі, агрессия немесе тұйықтық, үнемі шаршау, ұйқысыздық, колледждегі үлгерімнің төмендеуі, гаджеттерді пайдаланғанда құпиялылық, болған оқиғаларды талқылаудан бас тарту, баланың жасырын жаңа таныстарының пайда болуы мен вербалды емес белгілер, ерекше өтініштер болған жағдайда баламен қандай іс-әрекеттер жасасу керек екендігі айтылып, практикалық әдісімен бөлісті.

Ата-аналарды педагогикалық орталығының жетекшісі Д.С.Жиенгулова колледж тарапынан ата-аналарға көрсетілетін педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыстарының жүріп жатқаныны және орталық жоспарларын айтып өтті.