«Бізді кітап таныстырды» тақырыбында фотоконкурсы өтті.

2024 жылдың мамыр айында Бопай ханым жоғары медицина колледж кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бізді кітап таныстырды» фотоконкурсы өтті. Фотконкурсқа 223 топ «Емдеу ісі» білім алушылары Ниязмагамбетов Н,Орынгалиев А және 123 топ «Мейіргер ісі» Князбаева А.,Ерболатқызы Н., Шаймардан А.,Ақансеріқызы Ж. қатысты.
Фотоконкурс мақсаты: кітапқа деген сүйіспеншілікке, оқуға деген қызығушылыққа тәрбиелеу, оқитын жастардың жағымды бейнесін қалыптастыруға ықпал ету. Конкурстың басты идеясы: Кітапхана қорынан сүйікті кітабыңызды тауып, селфи жасаңыз! Белсенділік танытқан студенттерге алғысымыз зор!
Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе,білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету.