«Бопай аруы-2024» сұлулық байқауы өтті.

✨Ағымдағы жылдың 19-сәуір күні «Miss Bopay-2024» дәстүрлі сұлулық байқауы өткізілді. 2024 жылдың ең ауқымды жобасы биыл 7-рет өткізіліп отыр. Байқауға оқу орнымыздың 6 арулары қатысып, бақтарын сынады. Байқау негізгі 4 кезеңнен тұрды.

🔹Байқауға Халық шығармашылығымен мәдени қызметтерді ұйымдастыру орталығы мен «Мисс Ақтөбе» ұлттық сұлулық байқауының директоры, «Мейірім» төсбелгісінің иегері, Қазылар алқасының төрайымы Мамутова Нуржамал, «Ақтөбе ТВ» телеаранасың жүргізушісі, журналист, Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының жүргізушісі, «Жұбанов аруы-2019» иегері Алдиярова Назерке Аманжоловна, «Айкүн Ақтөбе» омыртқа сауықтыру орталығының негізін қалаушы Имашева Снежанна Елеуісізқызы мен «Кипятком» фотостудиясының Ақтөбе филиалының директоры, «Мисс Баишев-2020» сұлулық байқауының жеңімпазы Дунгешова Дариға Жұмаханқызы төрелік етті.

👑Қазылар алқасының шешімімен “Miss Bopay-2024” сұлулық байқауының тәжін “Акушерлік іс” бөлімінің 2 курс студенті Болеген Айсауле Болегеновна иеленді.

👑І VICE MISS атағын және «Айкүн» омыртқа сауықтыру орталығының 100 000 теңгелік қаржылай сыйлығын “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенті Рахымберлиева Ақгүл Рашидқызы, ІІ VICE MISS атағын “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенті Бижанова Меруерт Аманқызы иеленсе, ІІІ VICE MISS атағына “Емдеу ісі” бөлімінің 2 курс студенті Ғаділбекова Нұрбибі Нұрланқызы ие болды. Ал Мейрімханова Жаннұр Жасұланқызы «Өнерлі ару», Сайдулла Перизат Бақытқызы «Miss Virtual Bopay-2024» дипломы және «Сүйкімді ару» номинацияларына ие болды.

⚜️Жеңімпаздар ұйымдастырушылардың арнайы дипломдары мен Бас директор Б.Аханның 2024-2025 оқу жылы үшін оқу ақысына 100 000, 70 000, 50 000, 50 000 теңгелік қаржылай сертификаты және арнайы сертификаттар мен естелік сыйлықтарымен марапатталды.

👑Айта кетейік, Болеген Айсауле «Miss Qazaqstan» байқауының өңірлік кезеңі «Miss Aqtobe» сұлулық байқауына іріктеусіз, барлық шығын ұйымдастыршуы тарап қамтамасыз ете отырып қатысу жолдамасына ие болды.