* Жәрмеңке мақсаты: Түлектерді әлеуетті жұмыс берушілермен тікелей байланыстыру арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау, олардың еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтармен танысуына жағдай жасау және кәсіби бағдар беру болып табылады.
* Жәрмеңкеге 2024-2025 оқу жылы бойынша «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» , «Акушерлік іс», «Фармация» мамандықтары бойынша бітіруші 577 білім алушы және 52 жұмыс ұсынушы қатысты.
* Жәрмеңкені колледжіміздің Бас директоры, философиялық ғылымдарының докторы, профессор Ахан Бекежан Аханұлы ашып, «Ақтөбе облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жаманбаева Дина Ұзақбайқызының құттықтау сөзімен жалғасты.
* Колледж директоры, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Айбасова Жұлдыз Абдрашитовна колледж басшылығы атынан жұмыс ұсынушыларға Алғыс хаттар табыс етті.
* Бос жұмыс орны жәрмеңкесі аясында 2025 жыл- Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануына орай, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру , олардың бірлесе оқуына , интеллекті , ұлттық ойындар ойнап, бір-бірімен пікір алмасуға, оқыған кітабымен ой бөлісуге , үзіліс кезіндегі өнегелі 15 минут іс-шараларын ұйымдастыруға арналып жасақталған Коворкинг орталығы ашылды.
* Орталық лентасын «Ақтөбе облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Жаманбаева Дина Ұзақбайқызы қиып, құттықтау сөзін арнады.