Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің “Педиатрия және Фармация” ЦӘК бірлестігінің ұйымдастыруымен 24–28 қараша 2025 жыл аралығында “Инфекциялық қауіптердің алдын-алу және қоғамдық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру” атты апталық өтті.

Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің “Педиатрия және Фармация” ЦӘК бірлестігінің ұйымдастыруымен 24–28 қараша 2025 жыл аралығында “Инфекциялық қауіптердің алдын-алу және қоғамдық денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру” атты апталық өтті. Апталық барысында студенттер мен оқытушылар қауымы инфекциялық аурулардың таралу жолдары, тиімді алдын алу әдістері, жеке және қоғамдық гигиена талаптары, вакцинацияның маңызы сияқты маңызды тақырыптар бойынша құнды ақпарат алып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. 🔬 Практикалық шеберлік сабақтары 🩺 Пайдалы тренингтер мен дәрістер 🦠 Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған көріністер 📚 Студенттердің ғылыми білімін дамыту Бұл іс-шара болашақ медициналық мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырып қана қоймай, қоғамның денсаулығын қорғау жолында жауапкершілік сезімін нығайтты. ✨ Денсаулық – әркімнің қолында, ал оны қорғау – біздің ортақ міндетіміз!