2024 жылдың 24 қыркүйегінде Ақтөбе облысының білім басқармасының қолдауымен Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің ұйымдастыруымен Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білімалушылары арасында «Бопай ханымның тарихи тұлғасы – тәрбие тұғыры» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанаты мен пленарлық отырысы өтті.
Конференцияның мақсаты — жастардың бойында ұлттық тәрбиеге деген сүйіспеншілікті арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу және медициналық бейіндегі мамандарды даярлау сапасын жақсарту және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына баса назар аудару.
Конференцияның міндеттері — Білім беру кеңістігін кеңейту, Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері арасындағы байланысты дамыту, жас ғалымдардың (колледж білім алушыларының) ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығы негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалуы мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту және мотивациясын қалыптастыру.
Конференция «Бопай ханым бейнесінің тәрбиелік бағыттағы рөлі», «Медицина мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы мәселелері мен «Жаңа Қазақстан – жастар көзімен» секциялары өткізілуде.