«Дәрігер бейнесі — көркем әдебиетте» атты кітапханалық квилт ұйымдастырылды.

2023 жылдың 9 қарашасында Баишев атындағы жоғары медициналық колледжінің кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Өз кәсібің туралы көркем әдебиет» тақырыбына, «Дәрігер бейнесі — көркем әдебиетте» атты кітапханалық квилт ұйымдастырылды.

Жаңаша тәсілмен өткен іс-шара білім алушылардың қызығушылығын оятты.Олар өздері оқыған кітаптары туралы кеңестерімен бөлісті.

Бұл шараның міндеті білім алушылар оқыған шығармалары мен туындылары туралы ұсыныстарын айтқызу болып табылады.
Шараның мақсаты дәрігердің адамгершілік бейнесін ашып, таңдаған кәсібіне деген құрметін күшейту көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, оқырмандарды кітап оқуға тарту,кітаптарды насихаттау.

Колледж студенттері мен оқытушылары өздері оқыған кітаптары туралы өз пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында колледж білім алушылары мен оқытушылар «Дәрігер бейнесі — көркем әдебиетте» тақырыбындағы әдеби квилт стендін безендірді.