«Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында дін басқармасы мамандарымен кездесу өтті

📌Ағымдағы жылдың 16 қаңтар күні облыстық дін істері басқармасының теолог маманы, республикалық «Мұнара» телеарнасының тілшісі А.Тажикова Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің 1-2 курс студенттеріне «Діни адасушылықтағы әлеуметтік желінің кері әсері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

📌Кездесу барысында интернет пен әлеуметтік желілерде жат ағым идеологиясының таралу қаупі мен оның салдары турасында ескертіп, кез келген ресурстың мәліметін сүзгіден өткізіп, ресми мамандардан кеңес алуға шақырды.

❓Шара соңында студенттер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
@din_aqtobe