«Дипломмен ауылға» бағдарламасы

🎓 «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының мүмкіндіктері зор

Президентіміз өз Жолдауында «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екенін атап өтті.

✅ Қазіргі таңда елімізде жастарға арналған бағдарламалар өте көп. Солардың бірі – ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға арналған «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы. Бағдарламаның келесідей мүмкіндіктері бар: ➡️

➤ Біріншіден, тұрғын үй сатып алу үшін аудан орталығында 9 млн.теңге, ал басқа ауылдық округтерде 7 млн.теңге көлемінде жеңілдетілген бюджеттік несие беріледі. Несиенің сыйақы мөлшері – 0,01 % және 15 жылға дейін.
➤ Екіншіден, ауылға барған маман үшін қайтарымсыз 369 мың теңге жәрдемақы тағайындалады.

✔️ Жалпы, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 128 маманға  626 млн. теңге көлемінде тұрғын-үй сатып алуға бюджеттік несие беріліп, 451 маманға 250 млн. теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленген болатын.

📌 Ал биыл 115 маманға 960 млн теңге көлемінде  бюджеттік несие және 416 маманға 278 млн теңге көтерме жәрдемақы беру жоспарланған.