<БІЗ АЛКОГОЛЬҒА ҚАРСЫМЫЗ> ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 30 қазан күні жастарда жаман әдеттерден аулақ болуы, ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауын, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында @poliklinika6.aktobe емханасаның мамандарының ұйымдастыруымен «31 қазан алкогольді тұтынудан бас тарту» күніне арналған «Біз алкогольға қарсымыз» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингте алкогольдің зардабы мен адам өміріне залалы туралы арнайы бейнебаян мен слайдтар көрсетіліп, болашақ жүргізушілер алкогольді ішкенде өздерінің сезімдерін толық бақылау мүмкіндігі болмайтынын сезіндіру мақсатында «Мас көзілдірік» праткикалық ойынын өткізді.
Семинар соңында колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Куанышбаев @rika_news телеарнасына сұхбат беріп, студенттермен аудит сауалнамасы жүргізілді.