Ағымдағы жылдың 11 қараша күні Арнайы пән оқытушысы Супиев М.Б. «Анатомия және физиология» пәні бойынша білім алушыларға материалды тез қабылдауға ықпал етіп, клиникалық ойлау қабілеттерін қалыптастыруға бағыт беріп теорияны практикамен ұштастыра отырып, оқуға деген қызығушылығын, білім деңгейін көтеру мақсатында «Пирогов» интерактивті стол арқылы «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында ашық симуляциялық сабақ өткізілді.