25 қараша күні қауіпті жұқпалы аурулардың бірі – Сібір жарасы тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында қатысушыларға аурудың жұғу жолдары, алдын алу шаралары және қауіпсіздік талаптары туралы маңызды мәліметтер берілді.
Сонымен қатар практикалық дағдыларды арттыру мақсатында мастер-класс ұйымдастырылды.
Қатысушылар профилактикалық шараларды дұрыс орындау, қорғану тәсілдері және санитариялық талаптарды сақтау бойынша тәжірибелік нұсқаулықтар алды.
Мұндай іс-шаралар қоғамның медициналық сауаттылығын арттыруға және инфекциялық қауіптердің алдын алуға үлкен үлес қосады.
Қоғамдық денсаулық – ортақ жауапкершілік!