Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Қала келбеті күн сайын көркейіп келе жатқаны оның тазалығына да, байланысты. Студенттеріміздің тазалық мәселесінде мәдениетін көтеру, қалаға жанашыр, көше, ауланы көркейтуге талапшыл жастарды тәрбиелеу назарда.
Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні Бопай ханым жоғары медициналық колледжінің «Емдеу ісі» 121 топ студенттері мен кураторы Д.С.Жиенгулова Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» көктемгі екі айлық тазалық акциясына орай қоғамның тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгерту, табиғатты аялау, тұрғындарға қоршаған ортаны қорғау және оны ластамау мәдениетін қалыптастыру мақсатында колледж жатақханасы мен клинкасына тазалық жұмыстарын жүргізді.