«ЕМДЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 04 наурыз күні 2023-2024 оқу жылына 09120100 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырысы өтті.

Комиссия құрамына М.С.Нурмаганбетова — колледж директоры, комиссия төрайымы; Е.А.Сейтенов – директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары; Ж.Т.Жубанова — директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары; М.Ө.Өмірзақова — әдіскер; Г.Е.Қаршығина — директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары; Л.С.Сагындыкова — «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі; А.Н.Урумбаева — бас есепші; М.Б.Аренова — әлеуметтік педагог. Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 4 (төрт) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Комиссия шешімімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті Ерсайынова Мадина Нұрболатовнаға (GPA 3,57 көп балалы отбасыдан шыққан) дауыс берудің басым бөлігімен (комиссия мүшелерінің 8-і «жақтады») бос білім гранты тағайындалды.