«ЕМДЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Ағымдағы жылдың 22 сәуір күні 2023-2024 оқу жылына 09120100 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырысы өтті.

Комиссия құрамына М.С.Нурмаганбетова — колледж директоры, комиссия төрайымы, Д.А.Куанышбаев – директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары м.а., Ж.Т.Жубанова — директордың оқу-өндірістік жұмысы бойынша орынбасары, М.Ө.Өмірзақова — әдіскер, Г.Е.Қаршығина — директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Л.С.Сагындыкова — «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, А. Н.О.Танатарова — әлеуметтік педагог, А.С.Елубаева — хатшы болды.

Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 3 (үш) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Комиссия шешімімен «Емдеу ісі» мамандығының 1 курс студенті Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру тәртібінің ережесі негізінде комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған оқу үлгерімі «жақсы», «Емдеу ісі 11 кл 1 курс» мамандығының 1 курс студенті Жугунисов Нурхат Рыскалиұлына Техникалық және кәсіптік білім алу процесінде босаған бос білім беру гранты тағайындалды.