«ЕМДЕУ ІСІ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША БОС БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫНА АРНАЛҒАН КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 06 қараша күні 2023-2024 оқу жылына 09120100 «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бос білім беру грантына арналған конкурстың комиссия отырсы өтті.
Комиссия құрамына М.С.Нурмаганбетова — колледж директоры, комиссия төрайымы; Е.А.Сейтенов – директордың тәрбие және әлеуметтік сұрақтары бойынша орынбасары; Г.Е.Қаршығина — директордың оқу- әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары; Л.С.Сагындыкова — «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі; Д.Г.Абиева – директордың тәжірибе бойынша орынбасары; А.Н.Урумбаева — бас есепші; С.Жұмалықызы – әлеуметтік педагог; Д.А.Куанышбаев – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы; төрелік етті; Н.Қ.Сүндетова — студенттік кеңес мүшесі. Комиссия мүшелері мемлекеттік тапсырысқа түсуге өтінім білдірген 20 (жиырма) студенттің портфолиосын қарады. Бос білім беру гранттарын алуға конкурс өткізу кезінде оқудың барлық кезеңі бойынша үлгерімнің орташа баллының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда тек А, А- («өте жақсы»), содан кейін А, А- («өте жақсы») — В+, В, В — («жақсы») бағалары бар, және тәрбие, мәдени, спорт, басқа да іс-шараларға белсенді қатысып жүрген білім алушылар, аз қамтылған отбасылардың балалары басым құқыққа ие болатынын ескерді.

Комиссия шешімімен «Емдеу ісі» мамандығының 206 топ студенті Нұрымбетова Шапағат Нұрлыбекқызына (GPA 3,90 колледж белсендісі, көпбалалы, толық емес отбасыдан шыққан) дауыс берудің басым бөлігімен (комиссия мүшелерінің барлығы «жақтады») бос білім гранты тағайындалды.