«Емдеу ісі» мамандығының бөлім меңгерушісі
Сагындыкова Лязат Сагындыковна
Санаты: Педагог-сарапшы. «Психология» пәнінің оқытушысы
Атағы: Педагогика ғылымының магистрі
Білімі:
1993-1997жж. АУ «Дуние», жоғары. Экономист-менеджер.
2009-2011жж. АУ «Дуние» бакалавр. Педагог –психолог.
2011-2013жж. АУ им С.Баешева. магистратура Экономика ғылымының магистрі.
2022-2024жж. Батыс Қазақстан технологиялық-инновациялық университеті.
Жұмыс өтілі:
1999-2002жж. Талдық орта мектебі. Экономика пәнінің мұғалімі.
2002-2009жж. АУ. «Дуние», экономикалық пәндер оқытушысы
2009-2013жж. АГТК арнайы пән оқытушысы және ПЦК (Экономикалық пәндер және педагогика, психология)
2013-2025жж. Баишев жоғары медициналық колледжі. Арнайы пән оқытушысы.
Жетістіктері:
«Үздік бөлім меңгерушісі» -2023» Бас директор сыйлығының жеңімпазы.
Қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық жүлдегер иесі.
Емдеу ісі — бұл медицина саласындағы ең негізгі және кең ауқымды мамандықтардың бірі. Ол адам денсаулығын сақтау, аурулардың алдын алу, диагноз қою, емдеу және қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын кәсіби дәрігерлерді дайындайды.
📌 Мамандықтың негізгі мақсаты:
Адам ағзасындағы түрлі ауруларды анықтап, тиімді емдеу әдістерін қолдана отырып, халық денсаулығын жақсарту және сақтау.
🩺 Емдеу ісі мамандығы бойынша оқитындар не үйренеді?
- Адам анатомиясы мен физиологиясы
- Патология және фармакология
- Ішкі аурулар, хирургия, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология
- Диагностика әдістері (УДЗ, рентген, лабораториялық талдаулар т.б.)
- Клиникалық тәжірибе мен медициналық этика
- Жедел жәрдем және алғашқы көмек көрсету дағдылары
🏥 Мамандық бойынша жұмыс орындары:
- Ауруханалар мен емханалар
- Медициналық орталықтар
- Жедел жәрдем қызметі
- Зерттеу институттары
- Жеке медициналық практика
👨⚕️ Мамандықтың ерекшеліктері:
- Жоғары жауапкершілік пен этикалық нормаларға сай болу
- Адамдарға көмектесу ниеті
- Үздіксіз білім алып, тәжірибені жетілдіру
- Стресс пен эмоционалдық ауыртпалыққа төтеп бере білу
📈 Кәсіптік келешегі:
Емдеу ісі мамандығы – сұранысы ешқашан азаймайтын, тұрақты әрі беделді сала. Тәжірибе мен білім артқан сайын дәрігер түрлі салаларда (терапевт, хирург, кардиолог, инфекционист, т.б.) мамандануға мүмкіндік алады.
Қысқаша айтқанда, Емдеу ісі — қоғамға өте қажетті, жоғары білім мен шынайы жанашырлықты талап ететін мамандық.
Бөлімге келесі міндеттер жүктеледі:
- Бөлімдегі оқу жұмысын ұйымдастыру және басқару.
- Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету.
- Сабақ кестесіне қатысты студентті тексеру және сабақтың болуын қадағалау.
- Білім алушылар контингентін сақтау.
- Оқу үдерісіндегі емтихандарды, сынақтарды, бақылау жұмыстарын, т.б. бақылау түрларінің кестесін құру, дайындалуы мен өткізілуін, бекітілуін ұйымдастыру, қадағалау.
- Оқу-әдістемелік кеңес, пәндік –циклдік комиссия жұмысын басқару.
- Оқытушылардың оқу журналдарын уақытылы толтырылуын, білім алушылардың сабаққа қатысымын, үлгерімін қадағалау.
- Білім алушылармен, олардың ата-аналарымен жұмыс жасау.
- Кураторлармен жұмысын қадағалау, реттеу.
2025-2026 оқу жылына қойылатын талаптар:
- Білім алушыларды колледжішілік тәртіппен таныстыру;
- Ата- аналармен қарым- қатынасты нығайту;
- Жетім, мүгедек, аз қамтылған отбасы балаларымен жұмыс жүргізу;
- Жатақханада тұратын білім алушыларға бақылау жүргізу;
- Білім алушылар арасында пәтер жалдап тұратын білім алушылардың тұрмысын қадағалап отыру;
- Қиын білім алушылармен жұмысты жүйелі түрде жүргізу;
- Топ жетекшілерінің жұмыстарына бақылау жүргізу, кураторлық кеңес мүшелерінің жұмысын өз деңгейінде орындалуына ықпал ету;
- Білім алушылар мен оқытушыларды республикалық, облыстық, қалалық, іс- шараларға қатысуға жұмылдыру;
- Дарынды білім алушылармен жеке жұмыс жасау, оларға жетекшілік жүргізу;
- Колледжішілік конференция, семинарларға қатысу;
- Колледж кітапханасымен байланысты нығайту.
- Ішкі тәртіп ережіне бағыну (форма)
«Емдеу ісі» бөлімі жыл басында жалпы саны 658 білім алушылардан тұратын 28 топтан құралды.
1 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 4 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;
1 курс топтары 11 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 3 қазақ тілінде, 1 орыс тілінде;
3 курс топтары 9 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 8 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде;
3 курс топтары 11 сыныптан кейін келген білім алушылардан тұратын 7 қазақ тілінде, 2 орыс тілінде;
«Емдеу ісі» мамандығы:
ЕІ 1-курс (9 сынып): 125
ЕІ 1-курс (11 сынып): 99
ЕІ 3-курс (9 сынып): 241
ЕІ 3-курс (11 сынып): 25
ЕІ 4-курс (9 сынып): 168
🚨🏥Мамандықтың қыр-сыры — әрбір іс-әрекет пен дағдыдан басталады. «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында “Емдеу ісі» мамандығына арналған шеберлік сабағынан үзінді ұсынамыз.
Бұл ролик – болашақ медицина қызметкерлерінің жауапкершілікке, білімге, адам өміріне деген құрметке қалай үйреніп жатқанын көрсетеді.
Денсаулық – басты байлық. Ал оны қорғау – біздің парызымыз!

