«Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапхананың ұйымдастыруымен «Ең оқуға құштар топ» топтар арасында колледж ішілік байқау өткізілді.
Мақсаты: Білім алушылардың оқуға құштарлығын арттыру. Бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестік арқылы оқушылардың оқу мәдениеті мен оқу белсенділігін арттыру.
Байқауға «Мейіргер ісі» – 102, кураторы Шахабаева Ж.Б, «Емдеу ісі» -116, кураторы Муслимқызы Г және «Лечебное дело» — 118 , кураторы Қуанышбекова Н.Ә топтарының. білім алушылары қатысты.
Шара еркін тақырыпта өтті. Білім алушылар өздерінің дайындап келген шығармаларын оқырмандарға мәнерлеп, әсерлі етіп жеткізді.
Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» – деуі осыдан. Әлбетте, кітапты таңдай білу, оны зейінді зеректікпен мұқият талдап оқи білу, ондағы сөздің, ойдың, түйінді тұжырымының құдіретін түсіну мен түйсіну, алған әсерлерді кейін өмірлік қажетіңе жарата білу. Байқау соңында іс-шараға қатысушы топтардың жеңімпаздары анықталып, Алғыс хаттармен марапатталды.



