«Еңбек – түбі береке» тақырыбында бірыңғай куратор сағаттары өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысындағы сөйлеген сөзінде еңбекқорлық және кәсіби біліктілікті маңызды құндылықтардың бірі ретінде атап өтті. «Өз кәсібін өте жақсы білетін, оған әбден берілген, еңбекқор адам ғана табысқа жете алады» — деп жастарға терең ой тасталды.

Мемлекет басшысы адал еңбек ету, адал жолмен табыс табу және адал азамат болу маңыздылығына тоқталды. Адал азамат – бұл жақсы қасиеттерге ие, адал еңбек етіп, табысқа адал жолмен қол жеткізетін адам. Яғни, ол адалдық пен әділдікті ең жоғары орынға қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Әрбір адам «Адал азамат» атын иеленсе, елімізде әділ қоғам орнайды деген тұжырымын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығымен бекітілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы «еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы деп аталады. Бұл елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күнімен сабақтас.

Ағымдағы жылдың 23-26 қыркүйек аралығында білім алушыларды адал еңбекке баулу, еңбектің қоғамдағы рөлін түсіндіру және адал табыс пен адал еңбектің маңызын бағалау мақсатында «Еңбек – түбі береке» тақырыбында бірыңғай куратор сағаттары өтті.

#Біртұтас_тәрбие #Адал_еңбек