Бұл пікірсайыстың мақсаты – жастар арасында есірткінің зияны туралы түсінікті кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау және саналы таңдау жасаудың маңызын көрсету болды. Іс-шара барысында қатысушылар нашақорлықтың жеке тұлғаға, отбасыға және жалпы қоғамға тигізетін теріс әсерін талқылап, өз ұстанымдарын дәлелдер арқылы қорғады.
Пікірсайыс жоғары деңгейде өтіп, оқушылар белсенділік танытты. Олар түрлі жағдаяттарды талдап, ортақ шешімге келудің маңызын көрсетті. Шара соңында қатысушылар нашақорлықпен күрес — тек мамандардың ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.
Іс-шара жастардың ой-өрісін кеңейтіп, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етті.
