ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!!!
ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ:
— БЮДЖЕТТІК НЕГІЗГЕ 15.08.2024 ДЕЙІН,
— БЮДЖЕТТЕН ТЫС НЕГІЗГЕ (АҚЫЛЫ) 20.08.2024 ДЕЙІН
ҚР БҒМ 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» негізінде медициналық колледжге түсушілердің білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқуға түсуге ниет білдірген адамдар психометриялық тестілеу нысанында бір арнайы емтихан тапсыруы қажет.
Психометриялық тестілеуге өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 15 тамызына дейін жүзеге асырылады.
Тесттер жеке тұлғаның стресске төзімділігін анықтауға, кәсіби бағдарлауға және эмпатиялық тенденцияларды анықтауға бағытталған.
Тестілеу «ӨТТІ» НЕМЕСЕ «ӨТПЕДІ» нысанында бағаланады.
Күнтізбелік жылы психометриялық тестілеуден қайта өтуге РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ.