Шараның мақсаты – кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, өзара сыйластықты қалыптастыру,. рухани адамгершілікке баулу.
Ақын — жазушылардың шығармаларын насихаттау, кітапханаға оқырман тарту, кітап қорын толықтыру.
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап жыл сайын 14 ақпанда аталып өтедi. Бұл халықаралық мерекенің бастамасы АҚШ-тың «балалар кітабы» сайтының негізін қалаушы, үш баланың анасы Эмми Бродмур. Бірде анасынан ұлдары «адамдар бір-біріне кітап беретін күн неге жоқ» деген сұрағы осы мерекенің пайда болуына түрткі болды. Эмми Бродмур өзінің байланыс арналары арқылы таныс блогерлерге, әлеуметтік желі қолданушыларына, әріптестеріне және сайт серіктестерімен хабарласып, 14 ақпан күні кітап сыйлаумен бастады.
Әлемде 30-дан астам елде тойланатын бұл мерекеге Бопай ханым жоғары медициналық колледжі де өз үлесін қосуда. Бұл шараға колледжіміздің оқытушылар құрамы, қызметкерлер, білім алушылар қатысып,шараға атсалысуға шақырамыз..
Бұл акция біздің колледжіміздің дәстүріне айналады деген сенімдеміз!
