ИНФЕКЦИОНИСТ ДӘРІГЕР, ГЕПАТОЛОГ, PHD ДОКТОРАНТ АСТРАХАНОВ Ә.Р.

2023 жылдың 13 ші  сәуір күні Баишев жоғары медициналық колледжінде ғылыми үйірмелер он күндігінің “Студенттік ғылым – ел ғылымының болашағы” атты ғылыми апталығының екінші күні  “Ғалыммен кездесу” дөңгелек үстелі өткізілді. Дөңгелек үстелге шақырылған  қонағымыз инфекционист дәрігер,гепатолог Астраханов Ә.Р. Дөңгелек үстелімізге колледжіміздің белсенді, әрі ғылыми үйірме мүшелері мен жас ғалымдарымыз қатысты. Бүгінгі он күндіктің  екінші күнін жүргізген   “Курация” студенттік ғылыми үйірмесі. Жетекшісі Колганат А.К.